ОҚО ІІД Тергеу басқармасының міндеттері
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының тергеуіне қатысты қылмыстардың жан-жақты, толық және тарапсыз түрде зерттелуін қамтамасыз ету үшін ОҚО ІІД бөлімшелеріндегі алдын-ала тергеу органдарының ұйымдастыру-әдістемелік басшылығы және олардың іс-әрекеттерін үйлестіру.
Облыстық ІІБ тергеу бөлімшелерінің іс-әрекеттерінің заңды болуын бақылауды өз құзыреттігі аясында жүзге асырады.
Алдын-ала тексеру жүргізуге қатысты азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды, арыздарды және өзге де мәлімдемелерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарастыру және шешу.
ОҚО ІІД Тергеу басқармасының тергеушілері тікелей жасаған ұйымдасқан қылмыс туралы өте күрделі қылмыстық істердің, тұлғаға қарсы жасалған аса қауіпті қылмыстардың зерттелуін ұйымдастыру. Ішкі істер органдарының тергеушілері жүргізіп жатқан, аймақаралық ерекшелікке ие қылмыстардың зерттелуін үйлестіру, қажет болған жағдайда, аймақаралық тергеу топтарын құру.
Қылмыстық істерді зерттеу барысында, қылмыс салдарынан келген материалдық шығындардың және процестік шығындардың өтелуін қамтамасыз ету. Тергеу практикаларын зерттеу және топтастыру, және солардың негізінде, тергеудің сапасын арттыруға және мерзімін азайтуға бағытталған зерттеудің оң тәжірибелері мен қазіргі заманға сай әдістерін ендіру шараларын қабылдау.
Байланыс телефоны 21-20-37, 21-33-97














