Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің арыздарды қарастыруы
Қазақстан Республикасында адам құқықтары жөніндегі Уәкіл арыздарды қарастыру барысында оны зерделеп мәліметтерді алу үшін тиісті ұйымдар мен мемлекеттік органдарға сұраным жібереді. Қажетті жағдайда Уәкіл осы немесе басқа сала бойынша тиісті мамандар мен сарапшыларды шақыру мүмкін.
Арыз бағытталған лауазымды тұлғаға, шағымданушының аты-жөні және арызы туралы мәліметтер берілмейді.
Арыздарды қарастырғаннан соң Уәкілдің мүмкіндігі бар:
· арыз берушінің бұзылған құқықтарын қайта орнату бойынша шараларды қабылдауға лауазымды тұлғаға немесе ұйымға ұсыныс жіберуге;
· арыз берушінің құқығын бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті мемлекеттік органға адамгершілік және қаржылық зардабын бодау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
· арыз беруші өз құқығы мен бостандығын қорғау үшін қандай мүмкіндіктер мен шараларды қолдану қажеттігін түсіндіруге;
· шағымды мәнi бойынша шешу өз құзыретiне жататын тиiстi органдарға арызды беруге.
Уәкілдің мүмкіндігі жоқ:
· мемлекеттік және сот органдарының шешімдерін қарастыруға немесе шешімдерін бұзуға;
· заңнамада қарастырылғандай, өз өкілеттігі шегінде қызмет етуші мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға;
· арыз берушіге төлемақы беру жөнінде шешім шығару;
· сот органдарында арыз берушінің мүддесін қорғау;
· заң қызметін көрсету.
Мекен-жай:
010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Бейбітшілік көш., 4
Телефон: +7 3172 75-29-70
Факс: +7 3172 32-17-67
Электронды пошта: ombudsman-kz@mail.ru
Ақпарат көзі: е-gov.kz\Адам құқын корғау\ Мемлекеттік органдармен шағымдарды қарастыру тәртібі














