Облыс әкімінің аппараты Мәслихат Облыстық басқармалар Аудан және қала әкімдіктері Аумақтық органдар Әкімшілік органдар Әкімдіктің қаулысы және әкімнің өкімдері ОҚО мәслихатының шешімдері Мемлекеттік қызмет Аудан және қалалардың ресми сайттары Халықаралық ынтымақтастық
Бизнесті басқару Қаржы институттары Кіші және орта бизнес Өндіріс Облыстың инвестициялық тартымдылықтары “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы Индустриялық аймақ ”Оңтүстік” арнайы зкономикалық аймағы “Максимум” АИО Нормативтік құқықтық актілер Лицензиялау және/немесе рұқсат беру жүйесі Кәсіпкерлерге пайдалы ресурстар
Әлеуметтік зкономикалық даму Жол картасы Бюджет Азаматтық бюджет
Мемлекеттік қызметтер Электронды қызмет Сақтандыру полистерінің деректер қоры Жолда жүру тәртібі
Мемлекеттік сатып алулар
Білім беру Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту Денсаулық сақтау Мәдениет Спорт Көлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Ішкі саясат ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Халыққа қызмет көрсету орталығы Қоғамдық қол жетімділік пункттері
Қонақ үйлер мен отельдер Санаториялар мен демалыс үйлері Қорықтар Белсенді демалыс Сауда үйлері Мейрамханалар Клубтар Мәдениет және демалыс саябақтары Аквасаябақтар Кинотеатрлар Театрлар Мұражайлар Кітапханалар Тарихи және мәдени ескерткіштер Туристік ұйымдар Туристік бағыттар Фотогалерея
 

Өлшем бірліктерінің түрін бекіту тәртібі

«Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жаппай өндіруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған  өлшем бірліктері сыналауға жатады және кейіннен бұл өлшем бірліктері бекітіледі.

Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін  өлшем бірліктерінің түрлері  түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың  оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.

Түрді бекітуге арналған өтінімге өтініш беруші «ҚР МӨЖ. Өлшем бірліктерінің түрлерін сынау және бекіту тәртібі» 2.21-2001 ҚР СТ сәйкес мына құжаттарды қоса беруі тиіс:

  • сынақ бағдарламасының жобасы немесе өзгерістер жобасы немесе /және үлгілік бағдарламаға толықтырулар;
  • техникалық тапсырма (егер оны әзірлеу көзделген болса);
  • әзірлеуші ұйымның басшысы қол қойған және 1.3 ҚР СТ сәйкес келісілген, республикада өндірілетін өлшем бірліктері үшін техникалық шарттар;
  • пайдалануға беру құжаттары, ал жеткізілетін өлшем бірліктеріне қоса берілетін және өлшем бірліктерін монтаждау және (немесе) пайдалануға беруге дайындау жөніндегі нұсқаулықты қамтитын  өлшем бірліктері үшін пайдалануға беру, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі басшылық;
  • пайдалануға беру құжаттамасында салыстырып, тексеру құралы мен әдісін регламенттейтін бөлім жоқ болған кезде салыстырып, тексеру жөніндегі нормативтік құжаттың жобасы;
  • жалпы 13х18 немесе 18х24 түрдегі екі дана фотографиясы бар түрді сипаттау жобасы;
  • түрді сипаттауды ашық басылымдарда жариялауға рұқсат  етушілік туралы өтініш берушінің хаты;
  • сенімділікке сынақтар жүргізу бағдарламасы мен әдістемесі (техникалық шарттарда олар жоқ болған жағдайда) және/немесе өлшем бірліктері сенімділігінің нормативтік көрсеткіштерін растайтын сынақ жүргізу материалдары;
  • республикада шығарылатын өлшем бірліктерінің тәжірибелік үлгілерін, партияны жаппай өндіру кезінде алдын ала сынақ хаттамалары;
  • өлшем бірліктерінің оларды Қазақстан Республикасында пайдалану  процесінде салыстырып тексерудің әдістерімен және құралдарымен  қамтамасыз етілушігі туралы мәлімет, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәлімет;
  • салыстырып, тексеру аралығында ұсынылатын негізділікті растайтын құжаттар.


Шетелдік өндірушінің барлық құжаттары мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасымен ұсынылады.

Сынақ нәтижелері өлшем құралдарының түрлерін бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

Өлшем құралдарының түрлерін бекіту туралы оң шешім қабылданған жағдайда түрді бекіту туралы сертификат ресімделеді,  өлшем құралдарының түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тіркеледі, түрді салыстырып, тексеру әдісі мен сипаттамасы келісіледі.

Бекітілген түрдің сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бойынша түрді бекіту туралы сертификаттың қолдану мерзімі ұзартылады және  Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тиісті өзгерістер енгізіледі.

Бекітілген түрдің сәйкестігіне сынақ нәтижелері бойынша модификациялау кезінде уәкілетті мемлекеттік орган өлшем бірліктерінің жаңа түрін бекіту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Егер мұндай шешім қабылдау үшін жүргізілетін сынақтардың көлемі жеткіліксіз болса,  түрді бекіту мақсаттары үшін қосымша сынақтар жүргізу туралы шешім қабылданады. Егер модификациялау кезінде  жаңа түрді бекіту керек болмаған, кезде қажеттілігіне қарай түрді сипаттауға және салыстырып, тексеру әдістемесіне тиісті өзгерістер енгізіледі.






Сіз Шымкент қ. ұшатын әуе бағыттарының санымен және түрлерімен қанағаттанасыз ба?
vote Дауыс беру мұрағаты

Баннерлер

ҚР Президентінің ресми сайты ҚР Үкіметінің ресми сайты Бизнесті қорғау ЕврАзЭС тауарлары Өз қаражатыңды баскаруды үйрен
ҚР Парламентінің ресми сайты e-gov ҚР электрондық үкіметі Салауатты Қазақстан Нормативтік құқықтық актілер базасы Нұр Отан
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
f1 f2 gerb
© 2012 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты
Сайт материалдарын қолдану кезінде көзге сілтеме болу керек
Оңтүстік Қазақстан облысының ресми веб-порталының регламенті