Облыс әкімінің аппараты Мәслихат Облыстық басқармалар Аудан және қала әкімдіктері Аумақтық органдар Әкімшілік органдар Әкімдіктің қаулысы және әкімнің өкімдері ОҚО мәслихатының шешімдері Мемлекеттік қызмет Аудан және қалалардың ресми сайттары Халықаралық ынтымақтастық
Бизнесті басқару Қаржы институттары Кіші және орта бизнес Өндіріс Облыстың инвестициялық тартымдылықтары “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы Индустриялық аймақ ”Оңтүстік” арнайы зкономикалық аймағы “Максимум” АИО Нормативтік құқықтық актілер Лицензиялау және/немесе рұқсат беру жүйесі Кәсіпкерлерге пайдалы ресурстар
Әлеуметтік зкономикалық даму Жол картасы Бюджет Азаматтық бюджет
Мемлекеттік қызметтер Электронды қызмет Сақтандыру полистерінің деректер қоры Жолда жүру тәртібі
Мемлекеттік сатып алулар
Білім беру Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту Денсаулық сақтау Мәдениет Спорт Көлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Ішкі саясат ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Халыққа қызмет көрсету орталығы Қоғамдық қол жетімділік пункттері
Қонақ үйлер мен отельдер Санаториялар мен демалыс үйлері Қорықтар Белсенді демалыс Сауда үйлері Мейрамханалар Клубтар Мәдениет және демалыс саябақтары Аквасаябақтар Кинотеатрлар Театрлар Мұражайлар Кітапханалар Тарихи және мәдени ескерткіштер Туристік ұйымдар Туристік бағыттар Фотогалерея
 

Жалпы мағлұматтар

 

Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласы туралы ақпарат 01.09.2010 ж

Облыстағы жалпы білім беретін мектеп саны – 1022 болса, оның ішінде 1017-сі мемлекеттік, 5-і жекеменшік.
    1017-і мектептің 531-і ыңғайластырылған, 324-і саманнан салынған ғимаратта, 68-і апаттық жағдайда болса, 29 мектеп үш ауысымда оқиды.
     Жалпы білім саласына 2009 жылы 90 млрд. 203 млн. теңге бөлінсе, 2010 жылы 98 млрд. 11 млн. теңге қаралды, немесе 2009 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артты.
Бір оқушыға кететін шығын былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 есе артты.
    Облыстағы 67 мектептің  күрделі   жөндеуіне 1 млрд. 17 млн.теңге бөлінсе, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 691 млн.теңге қаралып, 945 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді.
    Облыс бойынша жалпы 103 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде республикалық бюджеттен 36 нысанның құрылысына 9,1 млрд. теңге қаржы бөлінген. Ал облыстық бюджет есебінен 9,9 млрд. теңгеге 67 нысанның  құрылысы жүргізілуде, оның 45-сі апаттық мектептер.
    «100 мектеп» бағдарламасы бойынша облыстағы 39 мектептің бүгінгі күні 26-сы пайдалануға берілді, ал 11 нысан   2010 жылдың соңына дейін беріледі.
Облыс мектептеріндегі тозығы жеткен оқушы парталары мен мектеп тақталары толығымен ауыстыру үшін және олардың қажеттілігін 100 пайыз қамтамасыз ету үшін 100 мың оқушы партасы мен 6250 мектеп тақтасын алуға 1 млрд. 156 млн. теңге қарастырылып, жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
 Компьютерлерді ауыстыру мен жаңалауға 556 млн. теңге қаржы бөлініп, 1 компьютерге келетін оқушы санын республикалық көрсеткішке жеткізу үшін (1 компьютерге 18 оқушы) 5247 дана компьютерлік техника алынуда.
883 млн.теңгеге 135 физика, 70 биология  кабинеттерімен жабдықтау және 260 млн. теңгеге 47 лингафондық-мультимедиялық кабинеттерімен толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
2010 жылы білім саласына аса назар аударылып, тек облыстық бюджеттен материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2 млрд. 309 млн теңге қаржы бөлінді.
        2009 жылы оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға облыстық бюджеттен 515 млн. 342 мың теңге қаржы қаралып, 901 мың 503 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алынып аз қамтамасыз етілген отбасы балалары  100 пайыз қамтамасыз етіліп, ал жалпы оқушының 92 пайызы қамтылып, қалғаны бөлшек сауда желісі арқылы ата-аналар есебінен қамтамасыз етілуде. 
Ал 2010 жылы осы мақсатқа облыстық бюджеттен 565 млн. 175 мың теңге қаралса, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және тасымалдауға республикалық бюджеттен 289 млн. 813 мың теңге бөлінді.
       Облыс бойынша 54350 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары білімдісі – 49960, арнаулы орта білімдісі – 4390.
Облыс мектептерінде 7408 жоғары санатты, 15098 бірінші санатты, 17277  екінші санатты мұғалімдер еңбек етуде. 2009-2010 жылы 623 жас маман жұмысқа қабылданды.
       2008 жылы мектепке дейінгі ұйымдар саны 181 болса, бүгінгі күні оның саны 337-ге жетіп қамту 20,9% құрады. «Балапан» бағдарламасына сәйкес 2010 жылы 9085 орынға 154 мектепке дейінгі білім ұйымдары іске қосылады деп жоспарланса, бүгінгі күні 3721 орынға 92 мектепке дейінгі ұйымдар ашылды. Ал жұмыс жасап тұрған 25 балабақшадан қосымша 1165 орынға 48 топ ашылды.
2010-2104 жылдары 435 мектепке дейінгі білім ұйымдары ашылып оларға 37674 бала қамтылады деп күтілуде. Қамту 41 пайызды құрайтын болады
         2010 жылы республикалық бюджеттен 4720 орынға               16 балабақшаның құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 2 балабақша құрылысы 2010 жылдың соңында  аяқталады деп күтілуде. Қалған 14 балабақша құрылысы 2011 жылы бітеді деп жоспарлануда.
Мемлекеттік аралық бақылау бойынша облыстың  4 сыныптар бойынша орта балы - 17,8-ді құраса, 9-сыныптар бойынша орта балы  - 71,47-ні құрады.
         2010 оқу жылында облыс бойынша орта мектепті 32 мың 137 оқушы бітірді. Оның 20 мың 398-і ҰБТ-ға қатысты (76,3%).
      Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша облыстың орта балы 86,21-ді құрады. Өткен оқу жылында бұл көрсеткіш 70,76 болатын, яғни 15,45 балға көтерілді.
     Ұлттық бірыңғай тест тапсырған бітірушілердің 28 пайызы, яғни 5736 бітіруші 100-ден аса балл жинады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 3957 балаға, яғни 3,2 есеге  артқан. 
 Республикадағы «Ең үздік 100 мектеп» қатарына облыстан 24 мектеп еніп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мектепке артқан. Республикадағы 100 үздік мектеп қатарындағы мектептердің 13-і облыстық білім басқармасына қарасты дарынды балаларға арналған мектептер.
«Алтын белгіге» үміткер 786 оқушының үздік білімдерін растағандары - 590  (75 пайыз), ал 2008-2009 оқу жылында 586 үміткердің  327 (55,8 пайыз) болған.
    Республика бойынша 2554 оқушы «Алтын белгіні» растаса, облыс бойынша растағандар саны 590, республика бойынша  23,1 пайызы ОҚО түлектері.
Облыстағы ҰБТ тапсырған оқушының 35,74 пайызы грант иегерлері атанып, республикалық көрсеткіштен (25,54%) анағұрлым жоғары.
 Облыс көлеміндегі 992 мектептің 504-інде асхана, 311-інде буфет жұмыс істейді. 197 мектепте асхана немесе буфет жоқ. Асханаларда ыстық тамақпен 346795 бала (68,6%) қамтылған. Тегін тамақпен 23592 оқушы қамтылған.
      Облыс бойынша 13 қосалқы мектеп-интернатта 1958 бала оқып, тәрбиеленеді, 855 бала мектепке дейінгі коррекциялық түзеу балабақшаларында тәрбиеленуде.
Облыста 16 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері жұмыс істейді, онда 1395-тен астам балалар түзеу, сауықтыру шараларын қабылдайды.
   Облыста 6 балалар үйі (1-і жекеменшік) жұмыс істейді. Онда 528 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Олардың 125-і тұл жетім, 403-і бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Патронаттық тәрбиеге 2009 жылы 415 бала,        2010 жылы 495 бала беріліп, балалар үйлерінің контингенті азаюда.
 2009-2010 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерді  270 жетім бала бітірді. Олардың 86-сы жоғары оқу орындарына облыс әкімінің жолдамасымен оқуға жіберілді, 105-і колледждерге, 17-сі кәсіптік лицейлерге, 35-і жұмысқа орналастырылды.
         Пәндік олимпиадаларда 2009-2010 оқу жылында АҚШ, Австрия, Румыния, Кипр, Грузия, Түркия, Голландия мемлекеттерінде өткен халықаралық ғылыми жоба жарыстарына 16 оқушы қатысып, оның ішінде 5-і Алтын, 3-і Күміс, 6-ы Қола медальді жеңіп алды.  2-і оқушы арнайы Сертификатпен марапатталды.
Бастауыш сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткен «Бастау» республикалық турниріне 36 оқушы қатысып, 2 команда Бірінші орынды, 1 команда Екінші орынды жеңіп алды, 3 команда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Грамотасымен марапатталды.
«Золотое руно» халықаралық ойын-байқауына қатысқан 4725 оқушының 520-сы жеңімпаз атанып, дипломдармен марапатталды.
Халықаралық «Кенгуру-математика», «Кенгуру-лингвист» интеллектуалды ойын-байқауларына қатысқан 8236 оқушының 723-і жеңімпаз атанды.
Республикалық «Ақбота» интеллектуалды марафонына қатысқан 12177 оқушының 1357-сі жүлдегер атанды.
Кәсіптік білім беру. Облыста 26 кәсіптік лицейде 44 мамандық бойынша 12906 оқушы білім алуда, 66 колледжде 112 мамандық бойынша 64321 оқушы білім алуда.
2010 жылы кәсіптік лицейлерде мемлекеттік тапсырыс саны- 5136. Оның ішінде «Жол картасы» бойынша 300 оқушы.
Колледждерге  мемлекеттік тапсырыспен қабылдау 4097 оқушы. Оның ішінде «Жол картасы» бойынша 2075 оқушы.
2010 жылы кәсіптік лицейлерді 4544 маман бітіріп, жұмыспен қамту 97% құраса, мемлекеттік колледждерді 4921 маман бітіріп, жұмыспен қамту 89%-ды құрады. 
2010 жылы облыстық бюджеттен мүгедек балаларға кәсіптік білім алуға  арнайы 30 орын беріліп отыр. Олар Оңтүстік Қазақстан экономикалық-технологиялық «Мирас» колледжі базасында («Киімдерді модельдеу және конструкциялау» - 15 орын, «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтам   асыздандыру» - 15 орын ) білім алады.

 






Сіз Шымкент қ. ұшатын әуе бағыттарының санымен және түрлерімен қанағаттанасыз ба?
vote Дауыс беру мұрағаты

Баннерлер

ҚР Президентінің ресми сайты ҚР Үкіметінің ресми сайты Бизнесті қорғау ЕврАзЭС тауарлары Өз қаражатыңды баскаруды үйрен
ҚР Парламентінің ресми сайты e-gov ҚР электрондық үкіметі Салауатты Қазақстан Нормативтік құқықтық актілер базасы Нұр Отан
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
f1 f2 gerb
© 2012 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты
Сайт материалдарын қолдану кезінде көзге сілтеме болу керек
Оңтүстік Қазақстан облысының ресми веб-порталының регламенті