Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы туралы 2010 жылдың 5 айы бойынша мәлімет
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 2429,6 мың адам тұрады, оның ішінде фертильдік жастағы әйелдер саны- 639,8 мың, балалар саны -803,5 мың, жасөспірімдер саны- 153,8 мың адам санын құрайды.
2010 жылдың 5 айы бойынша медициналық- демографиялық көрсеткіштері: 9,97 (2009 жылы-10,07) табиғи өсуі -8,3 (2009 жылы-8,2), өлімі – 1,7 (2009 жылы -1,8).
Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық көмек көрсететін мекемелердің саны:
- амбулаториялық-емханалар – 249, оның ішінде –емханалар -38, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы-21, Дәрігерлік амбулаториялар -168, Отбасылық дәрігерлік амбулаториялар – 8, фельдшерлік-акушерлік пункттер – 18, фельдшерлік пункттер – 4, медициналық пункттер – 517;
- ауруханалар -121, оның ішінде ауылдық ауруханалар – 48.
Облыстық төсек қоры 13262 төсек орнын құрайды. Оның қамтамасыз етілетін көрсеткіші – 51,9.
Облыстың денсаулық сақтау саласында халықтың 10 мың адамына шаққанда -7107 дәрігер қамтамасыз етілгендік, ( 26,9 пайызды құрайды) және 19009 медбикелер, 78,2 пайызы қызмет етеді.
Қаржыландыру
2010 жылы денсаулық сақтау саласына бюджеттен 34135211,0 мың теңге бөлінді. Жергілікті бюджет – 23528439,0. республикалық бюджет – 10606772,0 мың теңге.
Денсаулық сақтау саласында республикалық бюджеттен жалпы сомасы -3857320,0 мың теңгеге 5 объект салынып жатыр. Жергілікті бюджеттің есебінен жалпы сомасы – 3671262,0 мың теңгеге 81 объект салынып жатыр. Жергілікті бюджеттен 1 объектіге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр -52737,0 мың теңгеге.
«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру барысында 29 объектіге – 3105870,0 мың теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау саласының басым бағыттары негізгі көрсеткіштері:
Аналар өлім-жітімі көрсеткіші – 2010 жылыдың 5 айында жүз мың тірі туылғандарға шаққанда 38,3 пайызды құрады (9 әйел), 2009 жылы – 25,8 (6 әйел) құраған.
Нәрестелер өлім-жітімі 2010 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 1000 тірі туылғандарға шаққанда 21,5 % құрады (648 бала), өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 22,8% болған (677 бала).
Облыста ана мен баланың өлім-жітімін төмендету барысында регионалдық перинаталдық көмекті аймақтандыру енгізілді, 3 перинатальдық орталық ашылды. Медикогенетикалық орталық ашылды, 36 дені сау бала бөлмелері ұйымдастырылды.
2010 жылдың 5 айы бойынша туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші жүз мың тұрғынға шаққанда -26,98% (690) ал 2009 жылы - 26,98 (676) жүз мың тұрғынға шаққанда. Туберкулез ауруынан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 2009 жылмен салыстырғанда 2,1 % төмендеді . 2010 жылы -2,2 % , ал 2009 жылы - 4,3% болған. Туберкулезге қарсы диспансерлерде туберкулезбен ауыратын науқастар аурудың түрлері бойынша бөлінген.Туберкулезге қарсы қызметте қайта құрылымдау жүргізіліп жатыр: Бактериологиялық зертханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартуда. Арыс, Отырар, Сайрам аудандарында туберкулезге қарсы диспансерлер республикалық бюджет есебінен салынып бітті.
Аурудың анықталудың жақсаруы халықты жүрек-қан тамыры аурулардың ерте анықтауға скринингтік профилактикалық тексерудің жүргізілуіне байланысты. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету мақсатында, салалық бағдарламаны орындау аясында артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруларымен ауыратындар жеңілдікті шарттармен дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі, миокард инфаркт кезінде жедел медициналық көмек көрсету кезеңінде тромболитикалық терапия қолданылып жатыр. 2009 жылғы мамыр айында кардиохирургиялық корпус пайдалануға берілді. Кардиологиялық орталықта коронароангиография, стенттеу және аортокоронарлық тамырларды байланыстыру (шунттау) жасалады.
Қатерлі жаңа өспелермен науқастанушылық көрсеткіші 2009 жылы 100 мың адамға шаққанда 4,8 құрады, өткен жылы – 4,6.
Жұқпалы аурулармен аурушаңдық 2010 жылдық 5 айлық қорытындысы бойынша жедел ішек ауруларымен науқастанушылық көрсеткіші -17,8 %-ға төмендеді. 2010 жылы - 29,56%. 2009 жылы – 35,96 % 100 мың тұрғынға шаққанда. Дизентерия ауруына шалдыққандар саны 2010 жылы – 1,49, 2009 жылы – 1,60. Вирустық гепатитпен аурушаңдық төмендеді. 2010 жылы – 23,34 %, 2009 жылы -26,38 %. Бруцеллёз ауруына шалдыққандар 2010 жылы – 8,56 % (219), 2009 жылы 10,10% (253). Эхинококкозбен науқастанушылық көрсеткіші 2010 жылы – 6,22 % - ға өскен (159), 2009 жылы- 6,19 % (155). ҚҚБ ауруына шалдыққандар саны өскен.2010 жылы – 10,39 % (10). Құтыру ауруымен ауырған адамдар 2010 жылыдың 5 айлық қорытындысы бойынша тіркелмеген, ал 2009 жылы - 0,04%, (1) . Тұмаумен ауырғандардың саны 2010 жылы-0,55%(14), 2009 жылы – 1,92% (48). Мерез ауруына шалдыққандар саны 2010 жылы -10,09% (258), 2009 жылы- 12,89% (323). ЖҚТ жұқпалы ауруына шалдыққандар 2010 жылы – 42,4 % төмендеді 2,67% (62адам), 2009 жылы -4,55% (114)














