
Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы
1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылында туылған. Қазақ. білімі жоғары, 1976 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын ғалым-зоотехник мамандығы бойынша бітірген.
1967 жылы Қапланбек зооветеринарлық техникумын бітіргеннен кейін еңбек жолын Қарағанды облысы Ульянов ауданындағы «Победа» құс өсіру совхозында бригадир болып бастаған. Содан соң Қарағанды облысының Ульянов ауданындағы «Майқұдық» құс фабрикасында зоотехник, бөлімше басқарушысы болып жұмыс істейді.
- 1975 жылдың қаңтар айынан Қарағанды облысының Ульянов ауданындағы Ботақара құс фабрикасының бас зоотехнигі болды.
- 1977 жылдан Маңғышлақ облысының Ақтау құс фабрикасының директоры қызметін атқарды.
- 1980 жылдан бастап Шымкент облысының Бөген құс фабрикасының директоры. 1983 жылдың мамыр айынан Оңтүстік Қазақстан облысының құс етін өндіру бірлестігінің бас директоры.
- 1985 жылдан 1987 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Түлкібас аудандық комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды.
- 09.1987 жылдан 12.1995 жылға дейін Шымкент құс өндірістік бірлестігінің директоры.
- 12.1995 жылдан 08.2007 жылға дейін «Оңтүстік құс» АҚ президенті.
- 2003-2007 ж.ж. аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші шақырылымының депутаты болды.
- 2007 жылдың 18 тамызында № 38 Сарыағаш сайлау округінен төртінші шақырылымның Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
- 2007 жылы 28 тамызда төртінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.














