Экспертік орталық немесе эксперт ретінде аккредителуші жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттар ұсынады:
-
өтініш;
-
сәулет, қаласалу және құрылыстық қызметке байланысты лицензияланған қызмет туралы мемлекеттік лицензия көшірмесі;
-
заңды тұлғалар үшін – иеліігіндегі субъект пен статистикалық картаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік, құрылтайшылық құжаттар көшірмесі;
-
жеке тұлғалар үішн – жеке кәсіпкер ретіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
-
сәулет, қаласалу және құрылыс аясындағы қвзмет түрлеріне берілген өтініш тізімі, оған эксперттік баға беру қарастырылған;
-
жеке және заңды тұлғалардың негізгі қызмет түрлері туралы мәлімет;
-
заңды тұлға үшін - сәулет, қаласалу және құрылыс саласы бойынша мамандардың біліктілігі туралы, мамандығы бойынша 5 жылдық еңбек еткенін айқындайтын диплом, еңбек кітапшасы басқа да құжаттар көшірмесі;
-
заңды тұлғалардың штаттық есебі туралы ақпарат;
-
жеке тұлғалар үшін – 5 жыл бойы сәулет, қаласалу және құрылыс мамндығы бойынша қызмет еткенін айқындайтын еңбек кітапшасы, диплом, жоғары кәсіби мамандығы туралы құжаттардың көшірмесі, сонымен қатар эксперт орталықтарында лицензиялауда немесе сәулет-құрылыс бақылау зәне лицензиялау бойынша үш жылдан кем емес еңбек тәжірибесі бойы керек;
-
материалдық-техникалық базалар, нормативтік-анықтамалық әдебиеттер саны туралы, компьютерлік басқа да оргтехникалармен қамтылуы туралы, өндірістік алаңдар болуы мен құжаттар мен материалдардың мұрағаттану мүкміндігі туралы мәлімет;
Құжаттар көшірмелері нотариалды куәландырылуы керек.














