Облыс әкімінің аппараты Мәслихат Облыстық басқармалар Аудан және қала әкімдіктері Аумақтық органдар Әкімшілік органдар Әкімдіктің қаулысы және әкімнің өкімдері ОҚО мәслихатының шешімдері Мемлекеттік қызмет Аудан және қалалардың ресми сайттары Халықаралық ынтымақтастық
Бизнесті басқару Қаржы институттары Кіші және орта бизнес Өндіріс Облыстың инвестициялық тартымдылықтары “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы Индустриялық аймақ ”Оңтүстік” арнайы зкономикалық аймағы “Максимум” АИО Нормативтік құқықтық актілер Лицензиялау және/немесе рұқсат беру жүйесі Кәсіпкерлерге пайдалы ресурстар
Әлеуметтік зкономикалық даму Жол картасы Бюджет Азаматтық бюджет
Мемлекеттік қызметтер Электронды қызмет Сақтандыру полистерінің деректер қоры Жолда жүру тәртібі
Мемлекеттік сатып алулар
Білім беру Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту Денсаулық сақтау Мәдениет Спорт Көлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Ішкі саясат ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Халыққа қызмет көрсету орталығы Қоғамдық қол жетімділік пункттері
Қонақ үйлер мен отельдер Санаториялар мен демалыс үйлері Қорықтар Белсенді демалыс Сауда үйлері Мейрамханалар Клубтар Мәдениет және демалыс саябақтары Аквасаябақтар Кинотеатрлар Театрлар Мұражайлар Кітапханалар Тарихи және мәдени ескерткіштер Туристік ұйымдар Туристік бағыттар Фотогалерея
 

Оңтүстік Қазақстан облысының
үкіметтік емес ұйымдары жөнінде
МӘЛІМЕТ

Қоғамдық бірлестіктердің жалпы саны: Облыстық Әділет департаментінің мәліметі бойынша олыста әртүрлі мақсаттағы бағытта 950-ден астам қоғамдық бірлестік тіркелген. Атап айтқанда, бүгінгі таңда облыста тіркелген облыстық саяси партиялар филиалдарының саны – 9, этно-мәдени орталықтар – 61, кәсіподақтар – 199, қоғамдық қозғалыстар – 16, түрлі бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар – 511, басқа да ұйымдар (спорттық федерациялар, саяси партиялардың аудандық, қалалық филиалдары және т.б.) - 155.
Қоғамдық бірлестіктердің 80% облыс орталығында болса, тек 20% ауылдық жерлерде орналасқан.
Мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық жүйесін нығайту және өзара қарым-қатынастың тиімді механизмдерін жетілдіру үшін 2004 жылы консультативті-кеңесші орган ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес құрылған. Мұндай Кеңестер барлық аудан, қала әкімдіктері жанынан да құрылған. Кеңестің арнайы құрамы бекітіліп, оның құрамына мемлекетік органдардың, саяси партиялардың, белсенді үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері енгізілген. Кеңес мәжілістерін жылына екі рет өткізу жоспарланған. 
Азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде облыста үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау және мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау және олардың тарапынан қолдау көрсету негізінде қоғамның әлеуметтік маңызы бар  мәселелерін шешудегі олардың рөлін күшейту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы №3/24- IV «Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» бекітілген.
Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде белсенді қызмет атқарып жүрген, мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізіп отырған қоғамдық ұйымның бірі «ОҚО Азаматтық Альянс» ассоциациясы. Оның құрамына облыс аумағында орналасқан 37 үкіметтік емес ұйым мен 37 бизнес-құрылым өкілдері кіреді. Олар негізінен өздігінен және мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп әлеуметтік-маңызы бар іс-шараларды орындау бағытында жұмыс жүргізіп отыр. Әріптестікті дамыту мақсатында, әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуде түрлі тақырыпта бірлескен дөңгелек үстелдер, кездесулер мен семинарлар өткізіліп отырады.
«ОҚО Азаматтық Альянсі» ассоциациясының құрамында облыстың үкіметтік емес ұйымдарына „Ақпараттық ресурстық орталық“ құрылған. Ресурстық орталықта туындаған сұрақтар бойынша үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына, мүшелеріне консультациялық кеңестер беріліп, жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Ақпараттық орталықтың базасында облыстың үкіметтік емес ұйымдары үшін бірыңғай интернет-ресурсы орнатылған.
Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген қоғамдық бірлестіктер

Қоғамдық бірлестіктер

Саны

1

Спорттық ұйымдар, федерациялар

118

2

Ұлттық мәдени орталықтар

61

3

Кәсіподақтар

199

4

Қоғамдық қозғалыстар

16

5

Қоғамдық қорлар

24

6

Ақсақалдар кеңесі, ардагерлер ұйымдары

50

7

Тұтынушылардың құқығын қорғау

46

8

Қайырымдылық ұйымдар

9

9

Кәсіпкерлік, бизнес

13

10

Медициналық, сауықтыру ұйымдары (СӨС)

44

11

Жастар ұйымдары

52

12

Гендерлік, әйелдер ұйымдары (отбасы)

31

13

Мүгедектердің құқығын қорғау

26

14

Демократияны дамыту

6

15

Экология және табиғат

17

16

Кәсіптік ұйымдар

63

17

Мәдениетті дамыту, ғылым, шығармашылық, зерттеу

24

18

Ұйым мүшелерінің мүдделерін қорғау

15

19

Адам құқығын қорғау, заңгерлік ұйымдар

15

20

Азаматтық қоғамды, экономиканы дамыту

9

21

Тілді дамыту

6

22

Білім және ағартушылық

7

23

Жануарлармен жұмыс жасайтын ұйымдар

6

24

Ұлтаралық келісім

4

25

Саяси партиялар филиалдары

9

26

Басқа

81

 

Жалпы

951






Сіз Шымкент қ. ұшатын әуе бағыттарының санымен және түрлерімен қанағаттанасыз ба?
vote Дауыс беру мұрағаты

Баннерлер

ҚР Президентінің ресми сайты ҚР Үкіметінің ресми сайты Бизнесті қорғау ЕврАзЭС тауарлары Өз қаражатыңды баскаруды үйрен
ҚР Парламентінің ресми сайты e-gov ҚР электрондық үкіметі Салауатты Қазақстан Нормативтік құқықтық актілер базасы Нұр Отан
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
f1 f2 gerb
© 2012 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты
Сайт материалдарын қолдану кезінде көзге сілтеме болу керек
Оңтүстік Қазақстан облысының ресми веб-порталының регламенті