Қаржылық бақылаудың субъектілері және объектілері
Ішкі қаржылық бақылау обьектілері бюджетке салық емес салымдарын алғандығы үшін жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдар, олардың ведомстваларының ішіндегі ұйымдары, бюджет қаражатын алушылар, мемлекеттің несиелерге кепілдемесі, мемлекеттер активтерді, гранттарды қолданушы заңды және жеке тұлғалар.
Жиынтық бақылау обьектінің барлық қызметтерінің, жалпы әдіспен нақты кезеңі бойы бағдарламалық мәселелерін қамтиды.
Тематикалық бақылау жеке мәселелер бойынша, жалпы әдіспен нақты кезеңі бойы обьект қызметін қамтиды
Бақылаудың басталуына дейін (бақылау обьектісіне бару) үш жұмыс күні ішінде бақылау субьектісі бақылау обьектісіндегі бақылау жұмыстарының жоспарын және бақылаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Жұмыс жоспары бақылаудың тақырыбын және бақылауға жататын міндеттерді, бақылау обьектісі бөлімшелері жүйесінің тізімін, бақылау шараларының бағыттарының басыңқылығын, бақылау ауқымының мәліметтерін, болжамды еңбек шығындарын қамту қажет.














