Облыс әкімінің аппараты Мәслихат Облыстық басқармалар Аудан және қала әкімдіктері Аумақтық органдар Әкімшілік органдар Әкімдіктің қаулысы және әкімнің өкімдері ОҚО мәслихатының шешімдері Мемлекеттік қызмет Аудан және қалалардың ресми сайттары Халықаралық ынтымақтастық
Бизнесті басқару Қаржы институттары Кіші және орта бизнес Өндіріс Облыстың инвестициялық тартымдылықтары “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы Индустриялық аймақ ”Оңтүстік” арнайы зкономикалық аймағы “Максимум” АИО Нормативтік құқықтық актілер Лицензиялау және/немесе рұқсат беру жүйесі Кәсіпкерлерге пайдалы ресурстар
Әлеуметтік зкономикалық даму Жол картасы Бюджет Азаматтық бюджет
Мемлекеттік қызметтер Электронды қызмет Сақтандыру полистерінің деректер қоры Жолда жүру тәртібі
Мемлекеттік сатып алулар
Білім беру Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту Денсаулық сақтау Мәдениет Спорт Көлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Ішкі саясат ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Халыққа қызмет көрсету орталығы Қоғамдық қол жетімділік пункттері
Қонақ үйлер мен отельдер Санаториялар мен демалыс үйлері Қорықтар Белсенді демалыс Сауда үйлері Мейрамханалар Клубтар Мәдениет және демалыс саябақтары Аквасаябақтар Кинотеатрлар Театрлар Мұражайлар Кітапханалар Тарихи және мәдени ескерткіштер Туристік ұйымдар Туристік бағыттар Фотогалерея
 

2004 жылғы 14 сәуір №187

 

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
жөніндегі кеңесті құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекеттік басқару органдарының үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес (әрі қарай-Кеңес) құрылсын.
  2. Кеңестің Ережесі бекітілсін (қоса тіркеледі).
  3. Кеңестің жеке құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық мәслихатқа бекітілуге ұсынылсын.
  4. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестерді құрсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсін.

Облыс әкімі Б.Жылқышиев
 

«Үкіметтік емес ұйымдармен өзара
іс-қимыл жөніндегі кеңесті құру туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының
2004 жылғы 14 сәуірдегі
№187 қаулысына қосымша

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ереже
  1. Үкіметік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес (әрі қарай-Кеңес) –Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты жанындағы консультантивтік-кеңесші орган болып табылады.
  2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа  да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ  осы Ережені  басшылыққа алады.
  3. Кеңес  торағасы болып облыс әкімінің орынбасары табылады. Кеңестің жеке құрамын облыстық мәслихат бекітеді.
  1. Кеңестің негізгі міндеттері

 

  1. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
  2. үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша кешенді аймақтық саясатты қалыптастыру үшін ұсынымдар дайындау;
  3. үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық жағынан қолданудың кешенді жүйесін әзірлеуге көмек корсету;
  4. жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен  ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жүйесін жетілдіру;
  5. Кеңестің құзырына кіретін проблемалар бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау, облыс әкіміне ұсыныстар әзірлеу;
  6. әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламалық құжаттарды дайындауға және қарауға қатысу;
  7. үкіметтік емес сектордың проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге ықпал ету. Облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;
  8. үкіметтік емес ұйымдардың қызмет аспектілерін мейлінше толық көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдармен өзара іс-қимыл жасау;
  9. үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты азаматтардың арыз-шағымдарын, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарламаларды қарау;
  10. халықаралық ұйымдармен  қарым-қатынас жасау, үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне арналған конференцияларға, мәжлістерге, семинарларға қатысу;

3. Кеңестің өкілеттіктері

  1. Кеңестің өз құзреті шегінде мыналарға құқылы:
  2. Кеңестің құзырына жататын  мәселелер бойынша облыстық жергілікті атқарушы органдардың басшыларын өз мәжілістерінде тыңдауға;
  3. Заңнамада белгіленген тәртіппен кеңестің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет үкіметтік емес ұйымдарға қатысты ақпаратты сұрауға және алуға;
  4. Бағдарламалық құжаттарды дайындау үшін үкіметік емес ұйымдардың өкілдерін сарапшылар реттінде тартуға;
  5. Кеңес азаматтардан түскен арыз-шағымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарламаларды қараудың қорытындысы бойынша материалдарды тиісті жергілікті атқарушы органның қарауына немесе негізгі мәні бойынша шешім қабылдау үшін жіберуге құқылы.

 

4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

6. Кеңес төрағадан, оның орынбасарынан және кеңес мүшелерінен тұрады.
7. Кеңес төрағасы Кеңес мәжілісін өткізеді. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасарлары атқарады.
8. Мәжіліс кемінде жарты жылда 1 рет өткізіледі.
9. Кеңес мүшелері қаралудағы мәселелерді талқылауға қатысуға, Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ескертулер, ұсыныстар енгізуге , жергілікті атқарушы органдермен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасауға құқылы.
10. Кеңес шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
11. Кеңес мүшелері өзге тұлғаларға мәжіліске қатысу үшін өз өкілеттігін беруге құқығы жоқ.
12. Кеңес шешімін мәжіліске қатысушылардың көп дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тепе-тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






Сіз Шымкент қ. ұшатын әуе бағыттарының санымен және түрлерімен қанағаттанасыз ба?
vote Дауыс беру мұрағаты

Баннерлер

ҚР Президентінің ресми сайты ҚР Үкіметінің ресми сайты Бизнесті қорғау ЕврАзЭС тауарлары Өз қаражатыңды баскаруды үйрен
ҚР Парламентінің ресми сайты e-gov ҚР электрондық үкіметі Салауатты Қазақстан Нормативтік құқықтық актілер базасы Нұр Отан
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
f1 f2 gerb
© 2012 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты
Сайт материалдарын қолдану кезінде көзге сілтеме болу керек
Оңтүстік Қазақстан облысының ресми веб-порталының регламенті