Инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесі – инвестициялау мақсаттары, объектінің (кешеннің) қызмет етуінен күтіліп отырған экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық әсердің сипаттамасы бар негізгі бастапқы деректерден, сондай-ақ инвестициялық салымдардың тиімділігін негіздейтін объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін белгілейтін мәліметтер мен есептеулерден тұратын жоба алдындағы құжаттама.
Құрылыстың сметалық құны төмендегідей мемлекеттік инвестициялар есебінен толық немесе ішінара қаржыландырылатын объектілер мен кешендер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) және жобаларын:
-
қолданыстағы бағалармен алғанда 400 000 (төрт жүз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін – құрылысқа тапсырыс беруші бекітеді;
-
қолданыстағы бағалармен алғанда 400 000 (төрт жүз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін және одан артық - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитеті бекітеді.
Мемлекеттік қаражатсыз қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салу шаруашылық жүргізу субъект – тапсырыс беруші (құрылыс жүргізуші) есебінен жүргізіледі.














