Облыс әкімінің аппараты Мәслихат Облыстық басқармалар Аудан және қала әкімдіктері Аумақтық органдар Әкімшілік органдар Әкімдіктің қаулысы және әкімнің өкімдері ОҚО мәслихатының шешімдері Мемлекеттік қызмет Аудан және қалалардың ресми сайттары Халықаралық ынтымақтастық
Бизнесті басқару Қаржы институттары Кіші және орта бизнес Өндіріс Облыстың инвестициялық тартымдылықтары “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы Индустриялық аймақ ”Оңтүстік” арнайы зкономикалық аймағы “Максимум” АИО Нормативтік құқықтық актілер Лицензиялау және/немесе рұқсат беру жүйесі Кәсіпкерлерге пайдалы ресурстар
Әлеуметтік зкономикалық даму Жол картасы Бюджет Азаматтық бюджет
Мемлекеттік қызметтер Электронды қызмет Сақтандыру полистерінің деректер қоры Жолда жүру тәртібі
Мемлекеттік сатып алулар
Білім беру Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту Денсаулық сақтау Мәдениет Спорт Көлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Ішкі саясат ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Халыққа қызмет көрсету орталығы Қоғамдық қол жетімділік пункттері
Қонақ үйлер мен отельдер Санаториялар мен демалыс үйлері Қорықтар Белсенді демалыс Сауда үйлері Мейрамханалар Клубтар Мәдениет және демалыс саябақтары Аквасаябақтар Кинотеатрлар Театрлар Мұражайлар Кітапханалар Тарихи және мәдени ескерткіштер Туристік ұйымдар Туристік бағыттар Фотогалерея
 

Атмосфералық ауаның ластану проблемалары

Атмосфералық ауаның ластану проблемалары

    Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің біріне жатса, Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.
Атмосфералық ауаны жылжымалы көздердің ластауыш заттарының шығарындыларымен ластағаны үшін төлемдерін анықтау әдістемесінің негізінде Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандарымен жасалған алдын-ала есептер бойынша соңғы 5 жыл ішінде жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары 2 еседен астам көбейген. Жылжымалы көздерден ластауыш зат шығарындыларының көбеюі облыс аумағында автокөлік санының артуымен байланысты болып отыр. Мәселен, егер 2003 жылы автокөлік құралдарының саны 84488 бірлікті құраса, 01.12.2009 ж. ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша заңды және жеке тұлғалардың 358 394 бірлік көлік құралдары тіркелген.

2003-2008 жылдарға жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары (тонн)

Жылдар

2003*

2004*

2005*

2006*

2007*

2008*

Южно-Казахстанская область

Ластауыш зат шығарындылары, барлығы

53278

67957

81171

98024

112204

121480

         * - ластауыш заттардың шығарындыларының мәні есептік жолмен алынған.   

2007-2008 жылдарға Оңтүстік Қазақстан облысының аса ірі табиғат пайдаланушыларының тұрақты көздерінен атмосфераға шығарылатын ластауыш заттарының шығарындыларының салыстырмалы анализі
                                                                                                                                             Кесте


№ р/с

Атауы

Зиянды зат шығарындылары, мың тонна

Төмендеуі, көбеюі %, есе

 2008г.

 2007г.

1

«Петро Қазахстан Ойл Продактс» ЖШС

16,816

16,779

+ 0,22 %

2

 «Южполиметалл» ӨК» АҚ

1,098

8,51

- 87%

3

 «Шымкентцемент» АҚ

  1,463

  2,261

- 35%

4

 «3-Энергоорталық» АҚ

1,586

0,741

+ 2 есе

*№2ТП-ауа стат.есебінің мәндерінен алынған.

Кестені анализ жасап отырып келесілерді байқауға болады: 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы  «Южполиметалл» ӨК» АҚ-да (87%), «Шымкентцемент» АҚ-да (35 %) ластауыш зат шығарындылары төмендеген, сәйкесінше, негізгі металлургиялық кешеннің тоқтап қалуымен және цемент шығарудың төмендеуімен байланысты. «Петро Қазахстан Ойл Продактс» ЖШС-де (0,22 %) мұнай өңдеудің азырақ өсуіне байланысты шығарындылар да көбейген.  «3-Энергоорталық» АҚ кәсіпорнында 2008 жылы ластауыш заттардың 2007 жылмен салыстырғанда өсуі (2 есе) қазандықтардың жұмыс істеуіне отын шығынының артуына және Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету зонасы бұрын 1,2-ЖЭС қызмет көрсететін аймақтардың қосылуымен кеңеюіне байланысты болды.

Тұрақты көздерден ластауыш заттардың шығарындылары, тоннамен

Жылдар

2004

2005

2006

2007

2008

Барлығы

31075,9

36763,1

38921,4

39899,179

40360,135

Ластауыш заттардың шығарындыларының өсуі ЖЭО-да сұйық отын шығынының артуымен және қатты отын қазандықтарын пайдаланумен байланысты.






Сіз Шымкент қ. ұшатын әуе бағыттарының санымен және түрлерімен қанағаттанасыз ба?
vote Дауыс беру мұрағаты

Баннерлер

ҚР Президентінің ресми сайты ҚР Үкіметінің ресми сайты Бизнесті қорғау ЕврАзЭС тауарлары Өз қаражатыңды баскаруды үйрен
ҚР Парламентінің ресми сайты e-gov ҚР электрондық үкіметі Салауатты Қазақстан Нормативтік құқықтық актілер базасы Нұр Отан
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
f1 f2 gerb
© 2012 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты
Сайт материалдарын қолдану кезінде көзге сілтеме болу керек
Оңтүстік Қазақстан облысының ресми веб-порталының регламенті