Аккредиттеу – эксперттік бағалауды өткізу жөніндегі эксперт немесе эксперт орталығының сәйкес аймақтардағы жеке және заңды тұлғалардың біліктілік талаптарға сәйкестіктеріне орай ресми уәкілдік беру.
Жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу сәулет, қаласалу және құрылыс мемлекеттік басқармасы арқылы жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғаларды эксперт немесе эксперт орталығы ретінде аккредиттеуге мынадай міндеттер жатады:
-
құжат берушінің материалдарының нақтылығы мен құжаттарын қарау;
-
құжаттандырудың толықтығы мен дұрыстығы;
-
материалды-техникалық база орнына міндетті баруда зерттеу мен сараптау (техникалық аудит);
-
нормативтік-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттердің болуы;
-
компьютерлік, және басқа да оргтехниканың бағдарламалық қамтуын жүзеге асыру;
-
өндірістік алаңдардың болуы мен құжаттардың мұрағаттандырылуы;
-
экспертке кандидаттық аттестациядан өту;
-
эксперттік орталық немесе эксперт ретінде жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу туралы уәкілетті органдардың шешім қабылдауы (бас тартуы);
-
аккредиттеу куәлігін құжаттандыру.
Экспертке үмкіткерді аттестациялау оның эксперт мәртебесіне сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы Комиссия қорытындысымен берілетін нәтиже бойынша тестілеу негізінде жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу тұлғалардың ресми келісімдерімен, уәкілетті орган арқылы олардың қатысуынсыз жасалынады. Бұл жағдайда Комиссия мүшелерінің дауыс беруі шешім жобасын визалау жолымен іске асырылады. Шешім жобалары бойынша Комиссия мүшелерінің дауыс беруі ауыстыру құқынсыз, жеке жүзеге асырылады.














