Ордабасы, Қазығұрт, Төле би, Созақ, Түркістан, Түлкібас, Отырар және Бәйдібек аудандарында аң аулауға пайдаланылатын жерлер мол. Қазақы тазы жүгіртіп, бүркіт, сұңқар сияқты кұс салу сияқты ұлттық аңшылыққа негізделген туризмге ден қоюшылардың қызығушылығын арттыра түседі.
Бұдан өзге Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында атпен және жаяулап саяхаттаушыларға, сондай-ақ туризмнің басқа да түрлеріне кең жол ашылған.
Аң аулау Қазақстанның мәдениетінде ерекше орын алады. Саяхатшылық қола ғасырынан бері мәлім. Аң аулау үшін қаршыға мен ірі сұңқарлар жаттыққан. Қолыңда жыртқыш құсы бар салт атты – азиялық даланың символы ісбеттес.
Шымкенттіктер үшін аңшылыққа, балық аулауға шығу үшін Оңтүстік Қазақстанда көптеген өзендер етек алып жатыр. Ең ірілері – Сырдария, Арыс, Бадам, Боралдай, Бөген.
Қайықтар, катамарандар барлық оңтүстіктердің арсеналында бар. Экстималды туризмді ұнататындардың қатарына қосылуға немесе арнайы аңшылық дүкендерінде керекті құралдарды сатып алуға болады.
Төле би ауданынын жер жағдайы, табиғаты мен ауа райы қысқы туризмді өрістетуге қолайлы: осы бағытта «Тау самалы» демалыс лагері маңында аспалы жол мен шаңғы базасының құрылысын салу жоспарлануда. Бұл көптеген қызмет түрлерін көрсету тораптарын өрістетуге, демалыс лагерьлерінің жұмысын жандандыруға, инфрақұрылымды дамытуға серпін береді. «Бүгелік» санаторийі қалыпқа келтіріліп, іске қосылуда.
Сарыағаш ауданындағы әйгілі бұлақ көздері маңайындағы санаторийлік демалыс пен емдеу орындары, сондай-ақ Сайрам ауданындағы «Манкент» шипажайы келушілер санын арттыра түсуде.














