Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге арыздарды беру
Қазақстан Республикасында адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ кез келген адам арызымен келуі мүмкін.
Уәкіл шешімдер мен іс-әрекеттерге байланысты арыздарды қарастырмайды
· Қазақстан Республикасының Президентінің.
· Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның депуттаттарының.
· Қазақстан Республикасының Үкіметінің.
· Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің.
· Қазақстан Республикасының Бас прокурорының.
· Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының.
· Қазақстан Республикасының Соттарының.
· Жеке тұлғалардың.
Арыздар, Уәкіл атына жазбаша түрде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады.
Сіз арызыңызбен келуіңізге мүмкін
· Сіздің заңды талаптарыңызды ынталандырудан бас тартқанда (мысалы, құжаттарды, анықтамаларды бермегенде);
· қызметтік міндетке кіретін іс-әрекеттерді орындамағанда (ақпаратты, кеңесті, және т.б бермегенде.);
· Шешімді орынсыз қабылдағанда;
· Сіздің Конститутциялық құқығыңыздың бұзылуына әкеп соғатын лауазымды тұлғалардың және ұйымдардың басқа да әрекеттері (әрекетсіздіктері).
Арызда төмендегі мәліметтерді көрсету тиіс
· шағымданушының тегі,аты,әкесінің тегі, тұрғылықты мекен - жайы;
· құқығы бұзылған тұлғаның тегі,аты,әкесінің тегі (егерде арыз басқа тұлғаның мүддесіне байланысты жазылған болса);
· арыз берушінің шешімі бойынша құқығын бұзған мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның тегі,аты,әкесінің тегі;
· арыз берушінің құқығын бұзған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің)немесе шешімнің маңызы;
· арыз беруші не үшін, бұл шешім немесе іс-әрекет (әрекетсіздік)оның құқығын бұзды деп санайды;
· істің немесе уақиға туралы қысқаша суреттеме, уақиға болған уақыт;
· бұл іс алдындары сотта немесе басқа да өкілетті мемлекеттік органда қарастырылған ба (қашан). Егерде ия деген жауап болса, онда қабылданған шешім көшірмесін арызға біріктіру қажет;
· арыз беруші Уәкілеттіден қандай шешім күтеді.
Арыз Уәкілеттімен қарастырылмайды егерде:
· арызда шағымданушының тегі, аты, әкесінің тегі, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны, қолы туралы мәлімет болмаса;
· арыз беруші жазғанын куәландыратын дәлелдерді арызға қоса тіркемесе;
· арыз Уәкілге арыз берушінің құқығы бұзылған уақыттан бастап бір жылдан астам уақыттан кейін берілсе;
· арызда көрсетілген мәселелерді қарастыру тәртібі қолданыстағы заңнамамен бекітілген болса (азаматты-процессуалды, қылмысыты-прроцессуалды, әкімшілік және т.б);
· бұл іс, басқа да құзыретті органдармен қарастырылу немесе тергеу сатысында болса;
· арыздың мәні бойынша соттық шешім қабылданса;
· бұл арыз алдындары Уәкілеттімен қарастырылып және арыз беруші жаңа дәлелдерді ұсынбаса;
· шағым, заңды тұлғалар, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы шаруашылық мәселелер жайлы болса;
· арыз дәлелденбесе және негізделмесе.
Уәкілетті, бір ай ішінде арыз берушіні шағымдарды қарастыру жайымен немесе қарастырудан бас тартқандығы жайлы хабардар етеді.
Арыз, шағымданушының жеке өзімен немесе пошта арқылы жіберілуі мүмкін.
Мекен-жай:
010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Бейбітшілік көш, 4
Телефон: +7 3172 75-29-70
Факс: + 7 3172 32-17-67
Электронды пошта: ombudsman-kz@mail.ru
Ақпарат көзі: е-gov.kz\Адам құқын қорғау\ Мемлекеттік органдарға шағым түсіру тәртібі














