Прокуратура органдарына өтініштерді беру
Өтініштер жазбаша үлгіде мемлекеттік тілде, ұлтаралық тілде, ана тілінде немесе өзі білетін кез келген басқа тілде қабылданады.
· Өтініште мына мәліметтердің болуы тиіс:
· өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жерінің мәлімет;
· құқығы бұзылған тұлғаның тегі, аты, әкесінің тегі (егерде өтініш басқа тұлғаның мүддесіне байланысты жазылған болса);
· өтініш иесінің ойы бойынша құқығын бұзуға жол береген мемлекеттік (ұйымның) органның атауы немесе лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің тегі;
· іс-әрекеттің немесе уақиғаның қысқаша мазмұны және уақиға уақыты;
· өтініш иесі қандай іс-әрекеттерді күтеді;
· күні және қолы.
Өтініштер жеке немесе ұжымдық болып, жазбаша немесе ауызша түрде беріледі.
Сіз мынадай шағымдармен келуіңіз мүмкін:
· саяси мемлекеттік қызметкерлерге жататын лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлық және қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау фактілері болғанда;
· департамен басарушыларының, Бас прокуратураның дербес басқармалары мен бөлімдерінің, облыстық прокурорлар мен оларға теңестірілгендердің шешімдеріне;
· прокуратура органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне;
· бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялардың қызметіне;
· орталық атқарушы органдардың және олардағы лауазымды тұлғалардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне;
· аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттардың заң күшіне енген сот актілеріне келтірілген шағымдар, егер оларға облыстық прокурордың, оған теңестірілген прокурордың жауабының немесе облыстық, оған теңестірілген соттың қадағалау сатысында қабылданған қаулысының көшірмелері қосымша тіркелсе;
· Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының істерді бірінші сатыдағы, апелляциялық және қадағалау тәртібімен қарау кезінде қабылдаған сот актілеріне келтірілген шағымдар;
· Сіздің конститутциялық құқығыңызға нұқсан келтірген ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың басқа да іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері).
Азаматтыр өтініштерінің беру мерзімі
· Лауазымды адамдардың, соның ішінде прокурор қызметкерлерінің әрекеттеріне (неме-се әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағым тиісті лауазымды адамның немесе органның жасаған әрекеті немесе қабылдаған шешімі ту-ралы азаматқа белгілі болған кезден бастап, бір жылдан кешіктірілмей беріледі.
· Азаматтың өтінішін қараудың қорытындысы бойынша шешімге (соның ішінде өтінішті қарауға байланысты лауазымды адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)) жасалған шағым, шешімнің қабылданғаны (дауланған әрекеттің жасалғаны) туралы азаматқа белгілі болған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.
· Түсініксіз немесе жеткілікті мәліметтер жоқ өтініштер (шағымданған шешімді қабылдаған орган туралы, оның қабылданған уақыты, т.б.) арыз иесіне жетпейтін мәліметтерді толықтырудың қажет екендігі, қайда арыздану керектігі түсіндіріліп, 5 күн мерзім ішінде қайтарылады.
· Шағымдануға болатын мерзімнің өтіп кетуі мемлекеттік орган мен лауазымды адам үшін шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағымды мән-жайы бойынша қарау кезінде мерзімнің өту себептері анықталады және ол шағымды қанағаттандырудан бас тартудың бір негізі болып табылады. Өтінішті қарайтын орган дәлелді себеппен өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіреді.
Өтініш иесі (тегі, аты, әкесінің аты, қойған қолы, тұрғылықты жері, жұмыс немесе оқу орны) туралы мәліметтер жоқ өтініштер жасырын өтініштер болып танылып, қараусыз қалдырылады. Мұндай өтініштерде дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар ту-ралы хабарлар болған жағдайда, олар тиісті құқық қорғау органдарына жолданады.
Бас прокурорға шағымданумен келгенде, облыстық немесе соған теңестірілген прокурордың жауабын қосымшаға тіркеу қажет.
Ақпарат көзі: е-gov.kz\Адам құқын қорғау\ Мемлекеттік органдарға шағым түсіру тәртібі














