Жоба
Жоба – сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептер) нысанында ұсынылған адамның өмір сүру мен қызмет етуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің бастамасы.
Сәулеттік жоба
Сәулеттік жоба – сәулеттік бастамадан тұратын жоба. Жобалау кезінде сәулетшінің қатысуы қажет құрылысты (монументті) тұрғызудың жеке жобасы немесе жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманың бөлігі.
Сәулеттік жоба мыналардан тұрады:
-
сәулет-көркемдік жоба;
-
әлеуметтік және экономикалық, функционалдық, технологиялық және инженерлік-техникалық, сондай-ақ өртке қарсы, жарылуға қарсы, санитарлық-гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарды ескеретін объектінің композициялық және көлемді-жоспарлық шешімі;
-
құрылыс жобасын немесе объект салуға арналған өзге де құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті көлем.
Қала құрылысы жобасы
Қала құрылысы жобасы – ұйымды кешенді қала құрылысы жоспарлау бастамасын қамтитын жоба.
Қала құрылысы жобасы мыналардан тұрады:
-
аумақтар мен елді мекендерді дамыту және құрылыс жүргізу;
-
аумақтық дамытудың өңіраралық сызбасы;
-
аумақтардың қала құрылыстық жоспарының кешенді сызбасы;
-
елді мекеннің бас жоспары;
-
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы;
-
өнеркәсіптік аймақты жоспарлау жобасы;
-
құрылыс жүргізу жобасы;
-
объектінің және кешеннің бас жоспары;
-
абаттандыру жіне көгалдандыру жобасы, өзге жоспарлау жобасы.
Құрылыстық жоба
Құрылыстық жоба – құрылысты, аумақтың инженерлік дайындығын, абаттандыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті көлемдік-жоспарлық, конструктивтік, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді, сондай-ақ сметалық есептеулерді қамтиды. Құрылыстық жобаларға, сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын тоқтату және ресурсы біткен объектілерді кейіннен пайдаға жарату да жатады.














